Сманова Ақмарал Бахтияровна 1994 жылдан 1998 жылға дейін әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің заң факультетінде оқыды, 2000 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ заң факультетінің «Мемлекеттік құқық және басқару» мамандығы бойынша магистратурасын үздік бітірді. Сманова А.Б. 2000 жылдан бастап Заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасында ассистент, оқытушы, аға оқытушы, доцент м.а. ретінде жұмыс атқарады. Бүгінгі таңда мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушысы. Әр түрлі басылымдарда және ғылыми-практикалық конференцияларда 50-ден астам ғылыми еңбектердің авторы. Оның ішінде 2 монография, 3 оқу құралы (2-уі ағылшын тілінде), h-2 индексі. 12.00.01- мамандығы бойынша 2007 жылы «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды қалыптастырудың құқықтық негіздері» тақырыбында, з.ғ.д., профессор А.С. Ибраеваның ғылыми жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғады. ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің 27.06.2007ж. шешімімен заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. ҚР БҒМ желісі бойынша «2008 ж. ЖОО үздік оқытушысы» грант иегері. 2017ж. бастап «ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы» журналының жауапты хатшысы. «Құқықтану» мамандығы бакалавриат және магистратура бойынша білім беру бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі. 2020 жылдан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама сарапшысы. 2022ж. 19 қазанда ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының №252 бұйрығымен ҚР ІІМ Қазақстандық полициясы 30 жыл төсбелгісімен марапатталды. 2022 ж. 20 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің № 536 бұйрығымен "EREN ENBEGI USHIN" медалімен, сондай-ақ 2022ж. қазан айында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Құрмет" грамотасымен марапатталды.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
2000 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
31.03.2007 |
Сыйлықақылар атауы | Берілген күні |
Мемлекеттік грант "2008 жылғы "ЖОО үздік оқытушысы" |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
PrintMaster 2016 - г. ISBN 978-601-298-295-4 122 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Каратаева А.М., Усеинова К.Р.
Qazaq university 2016 - г. ISBN 978-601-04-2101-1 6 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Оспанова Д.А.
Administrative law of Republic of Kazakhstan
" Қазақ университеті " 2018 - г. ISBN 978-601-04-3248-2 156 - стр. ҚАЗАҚСТАН
5
құжаттар
2